Қамқоршылық кеңесінің отырысы хаттамасы » КГУ 'Школа-лицей имени Х.Мустафиной'
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Мустафина атындағы мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесінің отырысы хаттамасы
01
февраль
2018

Қамқоршылық кеңесінің отырысы хаттамасы

Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі

Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы
Хаттама №2
 2017-2018 оқу жылы

Төрағасының аты-жөні:Мергенбаев Б20.04.2018
Хатшының аты-жөні: Тұңғышбаева С


Күн тәртібінде:

1.Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру
2. Аз қамтылған отбасыларының берген отбасыларының өтініштері

Тыңдалды:
ДЖТІО А.Смагулова 2017-2018 оқу жылында 88 аз қамтылған оқушы, оның міндетті білім қорынан 65 оқушысы ыстықтамақпен қамтылды. 50 оқушы киіммен қамтамасыз етілді. Енді оқу жылындақорытынды емтихандар тапсыру міндеті тұр. Аудандық ИДН есепте тұрған оқушы жоқ. Оқу жылының басында мектепішілік есепте тұрған 6 оқушы тұрса, оқу жылының соңында 2 оқушы қалды. Жоғары сынып қыздарына қатысты ескертулер болды.

Мысалы. Шаш жаю, тырнақ өсіру, бояну.
Сөз алғандар: Қамқорлықкеңесінің мүшесі Г.Сиырбаевасөйледі. Жыл көлемінде оқушылар мектептің ішкі ережесін сақтады, ата-аналар жиналысы уақытында өтіп отырды. Балалар аудандық,облыстық, республикалықсайыстарға қатысып жүлделі орындариеленіп отырды. Әр түрлі қоғамдық шараларға мектепте өткен, мектептен тыс шараларға

оқушылар белсенді қатысты. Балаларымыздың осы мектептен білім алып, әр түрлі шараларға қатысыпжатқанына ризамыз.
Қаулы қабылдады:

1.Жазғы сауықтыру айларын сауықтыру жұмыстарының жоспарын жүргізу қамқоршылық кеңес мүшесіне тапсырылсын.

2. «Туған жерге» саяхатты барлық сыныппен ұйымдастырусынып жетекшілерден сұралсын. (Жігер, Дарын, Үржарайым, Әскери-патриоттық, Девиантты мінез-құлықты балаларға, Астана-ЭКСПО, Катон-Қарағай, Жидебай, Этноауыл, т.б




Күн тәртібінде:
1.Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасыларынан шыққанбілім алушыларды, және жетім балаларды анықтау.
2. «Қайырымдылық» акциясынан түскен қаржының мақсатты жұмсалуы.
Тыңдалды
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз: ДЖТІО :
Смагулова А.М 2017-2018 оқу жылында сынып жетекшілер берген мәліметтер бойынша 88 аз қамтылған отбасы балалары, 16-көп балалы отбасы, 2-бала әжесінің тәрбиесінде, 1-жетім бала, 27-толық емес отбасы, 42-аз қамтылған. Аз қамтылған отбасы балалары тегін оқулықпен қамтылды. Жаппай білім беру қорынан қорынан киімге 590 мың бөлінді. 50 оқушы қамтасыз етілді. Сынып жетекшілері ата-аналардан көмектің қажет ететіндігі туралы өтініш алынды, кәсіпкерге тапсырыс берілді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз: Қамқоршылық кеңесінің мүшесі С.Тұңғышбаева :Қайырымдылық акциясының түскен қаржыға аудандық би сайысына қатысқан 8-қыз балаға би көйлегі тігілді. Ахметжанова Айсананың анасы-15 мың беріп, баскетболға доптар алынды, Отбасында 8-балалы Тоқтарова Айымға қыстық киім берілсе, көп балалы – Ермекқызы Қарақатқа қыстық киім, Сағымханова Жанеркеге сабаққа киетін шалбар, Әзімхан Әкімжанға сабаққа киетін форма берілді.
Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар аясында мектеп кітапханасына ата-аналардың демеушілігімен мектеп кітапханасына көркем әдеби -130 кітап сыйлады. Оқушылардың қысқы каникулын қызық өткізу мақсатында ата-аналардың демеушілігімен Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» оқыту –сауықтыру базасында қықы каникулды қызықты өткізу мақсатында мектебімізден 7-оқушы демалып қайтты. «Бәйтерек-мәдени сауықтыру орталығына ата-аналардың демеушілігімен төмендегі сыныптар автобуспен қамтамасыз етіліп, көңілді демалып қайтты.
10 «А» Сыныбы-22 оқушы сынып жетекшісі: Қалимолдина Б , 9 «А» -15 оқушы, 8 «Б» -15 оқушы сынып жетекшісі: Смагулова А,
9 «Ә» -14 оқушы сынып жетекшісі: Смайлова Г,
8 «Ә» -17 оқушы сынып жетекшісі: Тлеужанова Ғ, 7 «Ә» -16 оқушы Сынып жетекшісі Исабаеава А.
Жарыссөз:
Г.Сиырбаева:аз қамтылған отбасыларына қажетті көмекті беру керек. Жасалған тізіммен танысқанмын, көмек қажет отбасыларына беріледі деп есептеймін.
Ж.Мәдиева : Әрине келісеміз. Бір мөлтек ауданда тұрғандықтан біраз отбасыларды танимыз. Көмекті қажет еткен отбасыларға берген дұрысқой.
Қаулы:
1.Аз қамтылған отбасы балаларына қамқорлық жасалсын, мектеп тарапынан көмек берілсін, назарда ұсталынсын.
Комиссия отырысының төрағасы: Мергенбаев Б.
Комиссия отырысының хатшысы: Тұңғышбаева С.

Похожие публикации: