Бос лауазымдық орынға конкурс жарияланады » КГУ 'Школа-лицей имени Х.Мустафиной'
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Мустафина атындағы мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос лауазымдық орынға конкурс жарияланады
25
август
2023

Бос лауазымдық орынға конкурс жарияланады

Хабарландыру!

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің  2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3-тарауының 1 параграфына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» коммуналды мемлекеттік мекемесі бос және (немесе) уақытша бос лауазымына педагогтарды тағайындау үшін конкурс жариялайды. 

Мекен-жайы: ШҚО, Зайсан ауданы ,Зайсан қаласы, Д.Қонаев көшесі №52а

Жұмыс телефоны: 872340 21-995

Эл.почта: lizei_2016@mail.ru 

Бос және уақытша бос лауазымдар:

  1. География пәні мұғалімі-1 орын (8 cағат)

Конкурска қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

  1. «мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы  21 ақпандағы №57 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №57 болып тіркелген) 10 қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш ;7495)
  2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін)
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса)
  4. «педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5750 болып тіркелген) бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі (бар болса)
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚРДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  10. «мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» ҚР   Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы  21ақпанындағы №57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды кандидаттар ұсыну тиіс: 

2023 жылғы  25  тамыздан  03 қыркүйекке дейін , Астана қаласы уақыты бойынша 08:00 ден 17:00-ге дейін (хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күн ішінде)

Мекен-жайы: 070700, ШҚО, Зайсан ауданы ,Зайсан қаласы, Д.Қонаев көшесі №52а

ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ

Байқауды өткізу күні жоғарыда көрсетілген ұағидаларға сәйкес белгіленеді.

Байқаудың өтетін орны: ШҚО білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ

Анықтама телефоны: 872340 21-995