11
сентябрь
2023
ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ЖАДНАМА
Мектеп бітірушілерге ақыл кеңес,
ҰБТ-ға дайындық
Алдымен сабақ оқуға ыңғайлы орын дайында: үстелдің үстінен арттық заттарды ал, керекті кітаптарды дәптерлерді, қағаздарды, қаламдарыңды ыңғайлап жина.
- Бөлмеге сары, ақшыл көк (фиолетовый) түстерді енгізуге болады. Бұл түстер сенің интеллектуалды беделіңді көтереді.
- Сабақ жоспарын құр. Дайындықтың әр күніне жоспар құрып, оқылатын тақырып нақты және анық болу керек.
- Оқу мен демалысты ауыстырып жүр. Қырық минут сабақ оқу, он минут демалыс. Осы уақытта ыдыс жууға, денеңді шынықтруға, душ қабылдауға болады.
- Оқығаныңды жаттап алу міндет емес. Мүмкіндігінше қағазға жоспар құрып, схема сызып, материалдың құрылымын дайындаған жөн.
- Әр пән бойынша әртүрлі жарияланған тестерді көбірек орында. Бұл жаттығулар сені тесттердің құрылымымен таныстырады.
- Секундомермен уақытты белгілеп тесттерді орындап жаттық.\
- Қорытынды аттестаттауға дайындалу кезінде ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өзіңе салтанатты жағдайды елестет.
- Қорытынды аттестаттауға дейін барлығын қайтаауға ең қиын сұрақтарға тоқталу үшін бір күн қалдыру қажет.
ҰБТ- ға қатысу!
Психологиялық кеңес
Аффирмация
Афирмация –( өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады)
- Мен табысқа жететініме толық сенімдемін, менің үнемі жолым болады.
- Әрбір күн, әрбір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.
- Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.
- Болып жатқан істің барлығы- менің игілігім үшін жасалуда.
- Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді.
- Мен қандай болсам да, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.
- Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
- Мен өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын.
- Маған өз ісім ұнайды, қуана рахаттана, шабытпен айналысудамын.
- Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда
Ең алдымен тест қарсаңында өздеріңді позитивті арнаға бұра біліңдер!
Ол үшін мына сөздерді дауыстап, сеніммен қайталаңдар:
- Бүгін мен үшін тамаша күн!
- Мен сабырлы, өзіме сенімді, мықтымын!
- Мен тестті сәтті өтетініме сенемін!
- Маған қажет кезде дұрыс жауаптар есіме түседі!
- Менің алар биіктерім алдыда!
- Мен өз мақсатыма жетуге бар күш жігерімді салуға дайынмын!
Тестілеуден ойыңдағы баллды ала алмасаң,
Алдыңда әлі мүмкіндіктер көп екенін ұмытпа!
Дайындаған:
Мектеп психологі Ж.С.Ахметжанова
тел: 87787071589