Хасенова Лязат Каукеновна » КГУ 'Школа-лицей имени Х.Мустафиной'
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Мустафина атындағы мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2023

Хасенова Лязат Каукеновна

5 ақпан 1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген.

1989 жылы училищені қызыл дипломмен аяқтап, жолдамамен Шығыс Қазақстан Мемлекеттік институтының математика, қолданбалы информатика факультетіне оқуға қабылданды. 

1994 жылы ШҚМУ математика, информатика мамандығы бойынша аяқтап, Зайсан  қаласы «М.Ломоносов атындағы орта мектебінің» информатика,физика пәндері мұғалімі болып еңбек жолын бастады.

1997 жылы «М.Дәуленов атындағы орта мектебінде» математика пәні мұғалімі қызметін атқарды.

2005 жылы Шемонаиха ауданының №5 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі болып қызметін жалғастырды. Бірлестік жетекшісі, кәсіподақ төрайымы болып қоғамдық жұмыстар атқарды.
2009 жылы осы мектептің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып ауысты.

2010 жылдан бастап Зайсан ауданы «Х.Мұстафина атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі, 2012 жылдан осы мектептің бірлестік жетекшісі, кәсіподақ төрайымы болды.

2013 жылдан бастап "Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі" КММ  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етіп келе жатыр.