ШҚО білім басқармасы Зайсан аудандық білім бөлімі бойынша «Х.Мұстафина» атындағы мектеп-лицейі КММ 9 «А» сыныбының оқушыларымен «Дұрыс таңдалған мамандық-болашақтың жарқын кепілі» атты тренинг өткізілді. Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, кәсіби бағытын анықтау. Психолог: Ж.С.Ахметжанова Сынып жетекші: Г.Жеңісбек
Қараша айының 13-15 аралығында Республикалық Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті. Мектеп-лицейіміздің баскетболшылары ауданның атынан қатысып 2-орын иеленді. Жетекшісі Жангулов Болатхан Казизовичты және команда мүшелерін құттықтаймыз!